Нығматулин Цойдан вакцинация туралы қазақстандықтардың "басын қатырмауын" өтінді

1606

Қазақстанда коронавирусқа қарсы егілгендердің саны жаңаша есептеле бастайды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан жаңаша есептеуде вакцинаның екі компонентімен егілген азаматтарды ғана ескеруді сұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәжілістің жалпы отырысында вакцинацияның жылдамдығы туралы мәселені депутат Лариса Павловец көтерді.

"19 қаңтарда өткен үкімет отырысында сіз және Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов екеуіңіз бірінші жартыжылдықта 2 миллион адамға вакцина егілетінін, ал жылдың соңына дейін 6 миллион адамға вакцина егу жоспарланып отырғанын мәлімдедіңіздер. Бірақ 4 мамырдағы жағдай бойынша 1 422 204 адам бірінші компонентпен, 347 774 адам екінші компонентпен егілді. Мен неге бұл туралы айтып отырмын? Себебі мен дәрігер ретінде вакцинаның екі дозасын алған адам ғана вакцинацияланған болып саналатынын айтамын, басқа жағдайлар есептелмейді. Сондықтан, екінші компоненттегі - 347 474 адамды қамтуға сүйене отырып, жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина егілетініне сенімділік жоқ. Алексей Владимирович, вакцинация жылдамдығын арттыру үшін министрлік қандай шаралар қабылдауда?" - деп сұрады Денсаулық сақтау министрінің мәжілісвумені.

Сұраққа жауап бере отырып, Алексей Цой вакцинаның бірінші компонентінен кейін адамда вирусқа қарсы антиденелер пайда болатынын атап өтті.

"Екінші компонент міндетті түрде біріншісіне ереді. Яғни, азаматтар бірінші компонентті алған соң, екінші компонентке 21 күннен кейін немесе ең көбі 45 күннен кейін жетеді. Қалай болғанда да, біздің азаматтар екінші компонентті алады. Бірінші компонентпен вакцинацияланғаннан кейін де антиденелер 15-ші күні пайда болатындығын түсіну керек. Тиісінше, қазір бізде вакцина бар, жеткізілім кестесі нақты. Күн сайын, мәселен кеше бізде 117 мың азамат  вакцина алды. Яғни, қарқын артып келеді",  деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Бірақ бұл жауап депутатты қанағаттандырмады, осыған байланысты Лариса Павловец вакцинаның бір компонентімен вакцинацияланған адам толық егілген деп саналатындығын түсіндіруді сұрады.

"Егер екі дозалы вакцина болса, вакцинацияның толық курсы қажет. Бізге міндетті түрде екі вакцина жасау керек", - деп түсіндірді министр.

Яғни, екі дозаны да алған адамды, толық вакцинацияланған адам деп қарастыра аламыз. Айтыңызшы, екінші компонентті елде бізден қанша адам алды? - деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.
Алексей Цой 400 мың қазақстандық екінші компонент алды деп жауап берді.

Бүгінде 400 мың. Сондықтан, сіз Орталық коммуникациялар қызметіне барғанда, журналистермен, тұрғындармен кездескенде, бар сандар туралы нақты мәлімет беріңіз, жарай ма?Әйтпесе бұл сандар шатасып барады. Сіз 21 күн дедіңіз, бір орынбасарыңыз шығып 90 күн деп айтты. Енді тағы ең көп дегенде 45 күн дедік. Бірақ біз бәрін толығымен шатастырдық. Біз халықаралық стандарт шеңберінде жүреміз, Алексей Владимирович, солай ма? Сіздің дипломдарыңызға қарасақ, сіздер денсаулық сақтауды ұйымдастырушысыздар, басқалары да- сондықтан вакцинацияны ұйымдастырыңыздар. Себебі бір ақпарат шығады, содан кейін басқа қызметкер тағы шығады және мүлдем басқа ақпарат береді, үшіншісі - жалпы, оған басқа жағынан қарайды. Ал тұрғындар мұны түсінбейді, - деді Мәжіліс төрағасы.

Ол вакцинацияға жеткілікті қаражат бөлінгенін, тек науқанды дұрыс ұйымдастыру қажет екенін қосты.

"Бүгінгі күнге дейін 400 мың, сіз өзіңіз растадыңыз. Халықтың басын қатырмайық. Екі вакцинация, яғни екі вакцина алу керек. Алексей Владимирович, сіз келісесіз бе? Бүгін немене барлық министрлердің дауыстары жоғалып кеткен бе? Сіз келісесіз бе?" деп сұрады Нығматулин.
-Ия, - деп жауап берді Алексей Цой.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар