Орал қаласында аттракцион істен шығып, бес пен он жас аралығындағы 8 бала жарақат алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі "Уральская неделя"-ға сілтеме жасап.
Төтенше жағдай кеше, 2 мамыр күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында болған. Куәгерлердің айтуынша, жоғары жылдамдықпен бұрылатын аттракцион кенеттен тоқтаған.
«Әткеншек кенеттен тоқтап қалды да, балалар бір-біріне соғыла бастады»,–дейді олар.
Қалалық саябақтағы аттракциондар "Мир" РИА ЖШС-не тиесілі, иесі — Сергей Чудненко.
Айта кетейік, қазіргі таңда бұл фактіге қатысты тергеу жұмыстары басталды.
«Адырна» ұлттық порталы