Нұр-Сұлтанда сырғанақта ойнап жүрген бала саусақсыз қалды

3394
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда төрт жасар бала саусақсыз қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға туралы ақпарат @zhaloby_astana парақшасында пайда болды.

"Лесозавод ауданында осындай үздік сапалы және жаңа үлгідегі ойын алаңы барлығы соншалық, мені кешіріңіз әрине, балалар саусақтарын кесіп алады ..." - делінген видео хабарламада.

Елорданың денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бұл 25 сәуірде болған жайт.

"Баланың анасының айтуы бойынша, ол сырғанақтан сырғанағанда саусағын кесіп алған. Сол қолының екінші саусағы кесілді. Жараға алғашқы хирургиялық емдеу жүргізіліп, гипс салынды. Бала амбулаториялық емделуге шығарылды", деп нақтылады бөлім.

Дәрігерлер Байқоңыр әкімдігі баланың отбасына барлық қажетті медициналық және материалдық көмек көрсететінін қосты.

Сырғанақ бұзылып, аумақтан алынып тасталынды, деп атап өтті баспасөз қызметі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер