Коронавирусты тоқтату үшін 10 миллионнан астам қазақстандық вакцина алуы керек

3048
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін 10-11 млн адам вакцина алуы керек, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева ұжымдық иммунитет қалыптастыруға қатысты сұраққа жауап берді.

Маман Қазақстан халқының жалпы санын ескере отырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін 10-11 млн тұрғын вакцина салдыруы керек деп есептейді.

Бұған дейін ол әртүрлі вакцинаны араластырып салудың негізі жоқ екенін айтты.

Пікірлер