Заңғарды да жұлдыз қыламын - Айдарбекова

5880
Adyrna.kz Telegram

Гүлзира Айдарбекова тағы бір жұлдыз шығармақ ойы болғанын айтты. Ол Instagram желісіндегі парақшасында ұлы Заңғар мен Әлтайыр және Әліби сынды әншілерді жұлдыз етпекші болғаны жайлы жазба жариялады.

«Заңғарыммен бірге Аль Таиыр, Алиби балаларымның жұлдызын жандырсам деп, қолға енді алған кезімде, карантин басталып кетті. Бірақ әрбір шыққан әндері, жастардың арасында хит болып тарап жатқаны мені қуантады. Ел аман жұртымыз тыныш болса, Алла қаласа, ерекше дауыстарымен биіктерден көрінеді деген үміттемін», - деп жазды ол.

Продюсердің оқырмандары жазба туралы түрлі пікірлерін білдіріп жатыр. Бірі оң пікірін айтса, енді бірі Айдарбековаға теріс пікір жазуды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер