Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды

3177
Adyrna.kz Telegram

21 сәуірге бүкіл Қазақстан аумағы бойынша дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы "ҚазГидромет" РМК ескертті.

Түркістан, Жамбыл  облыстарының кей жерлерінде тұман, қатты дауыл күтіледі, желдің 15-20, екпіні    23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін,

Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, жел найзағай болғанда 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман,  көктайғақ,  жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.

Қарағанды ​​облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қызылорда, күндіз Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер