15 мың алматылықта электронды вакцинация паспорты бар

2691
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/14ea8c54-f03e-4d2a-b682-1054ce5a9e3b.jpeg
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті қаладағы вакцинация процесі туралы тың мәліметтер берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 1 ақпаннан 15 сәуірге дейін Алматыда бірінші рет Sputnik V компонентімен 108 069 адамға вакцина егілді. 22 ақпан мен 15 сәуір аралығында вакцинаның екінші компонентін 14 800 адам алды. Бұл азаматтарда вакцинацияның толыққанды электрондық паспорты бар, - деп атап өтті УОЗ. 15 сәуірде қалада вакцинаның қалдығы 68330 дозаны құрады.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии