Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

3570
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/gestion-de-projet-erreurs-777x518-1.jpg
Мамыр айында қазақстандықтарда 3 мереке күні күтіледі , деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі сенбіге сәйкес келеді, ауыстыруға байланысты біз 3 күн: 1, 2 және 3 мамырда демаламыз. 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні жұмаға сәйкес келеді. Бұл күн демалыс күні болып саналады. 9 мамыр - Жеңіс күні, жексенбіге сәйкес келгендіктен демалыс 10 мамырғп, дүйсенбіге ауыстырылды. Сенбі, 8 мамыр да демалыс күні. Нәтижесінде біз 8, 9, 10 мамырда демаламыз. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасы бар қазақстандықтар - 1, 2, 3 мамыр демалады, содан кейін 7, 8, 9, 10 мамыр. Жұмыс күні 11 мамырға сәйкес келеді. Алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар 1, 2, 7 демалады да, 8 мамырда жұмыс істейді, 9, 10 мамырда олар демалады. Жаңа жұмыс аптасы 11 мамырда басталады. Барлығы мамыр айында 18 жұмыс күні және 13 демалыс күні бар.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии