Құрметті Отандастарымды ешқашан және ешуақытта мешіт пен медреселерге ақша-қаражат бермеуге шақырамын! Биылғы оразада ресми мүфтият пітір-садақа жан басына 420 теңге деп белгілеп отыр. Егер де орта есеппен 7-миллиондай қазақстандық әрқайсысы 420 теңгедей көмекті мұқтаж жандарға ақшалай яки азық-түлік түрінде берсе,шамамен бұл сома 3 миллиард 640 миллион теңгені құрайды екен.Жаратушы-Тәңірдің шынайы разылығын іздесеңіздер,қайырымды іс-әрекеттеріңізбен көп балалы аналарға,қарызға белшесінен батқан азаматтар,ҚХР-дің геноцид саясатының құрбаны болған тірі жетім-жесірлер мен еліміздегі жүздеген саяси тұтқындардың отбасына көмектесулеріңізді өтініп сұраймын.
- Кедей-кепшік, жетім-жесірлер және күнкөрісі қиындап кеткен отбасы мүшелеріне пітір-садақа беру міндет емес. Қайта ашығып отырған бала-шағасының аузынан жырып алып басқаға көмектесу Құран іліміне, мұсылмандыққа қайшы.
- Бай, дәулетті азаматтар пітір-садақасын мешітке емес, ашыққан отбасыларға бергені және көмектің көлемі 420 теңгемен шектелмегені жөн. Миллиардерлер миллиондаған сомадағы садақа беруіне болады, шектеу жоқ.
- Құран ілімі бойынша, пітір-садақа Ораза және Құрбан айт кезінде ғана тартылмайды, оның мерзім аралығы көрсетілмеген, игі шараны дәл қазір, кез келген уақытта бастай берсе де болады.
- Пітір-садақа азық-түлік түрінде таратылмағаны, әрбір отбасының есепшотына ақша түрінде аударылғаны жөн. Бұл адамдардың бір жерге топтасуына, коронавирус індетінің жайылуына кедергі болады.