Әлия Назарбаева төрайым болды

3131
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/photo_170967.jpg
Әлия Назарбаева - экологиялық ұйымдар қауымдастығы төралқасының төрайымы, «Жасыл ел» жастардың еңбек бригадалары кеңесінің төрайымы болды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Abai.kz-ке сілтеме жасап. Одан бөлек, кеңес құрамына Сенат пен Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, экологиялық және республикалық жастар ұйымдарының өкілдері кірді: Айгүл Соловьева - Кеңес төрағасының орынбасары, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (ЗТБ) Басқарма төрағасы; Тоқтар Болысов - Кеңес төрағасының орынбасары, «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ атқарушы директоры; Азамат Данияр - кеңес хатшысы, «Жасыл Ел» республикалық штабының жетекшісі; Нұртөре Жүсіп - Сенат депутаты; Елдос Абақанов - Мәжіліс депутаты; Айжан Скакова - Мәжіліс депутаты; Тілектес Адамбеков - Мәжіліс депутаты; Мәди Ахметов - Мәжіліс депутаты; Мая Бекбаева - журналист, тележүргізуші, продюсер, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары; Эмин Аскеров - қоғам қайраткері, кәсіпкер, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі; Тимур Елеусізов - «Табиғат» экологиялық одағы төрағасының орынбасары; Болат Бұхарбай - блогер және Jaqsy Bolady YouTube каналының авторы. Кеңес кездесуінде экологиялық ұйымдар мен серіктестікті одан әрі дамытуға қатысты мәселелер көтерілді.
Комментарии