Министр А.Балаева түрік әріптестерімен кездесті

2008
Adyrna.kz Telegram

Министр А.Балаеваның жұмыс сапары барысында Түркия Президенті Әкімшілігінің Қоғаммен байланыс жөніндегі басқармасының басшысы Фахреттин Алтунмен, Жастар және спорт министрі Мехмет Касапоғлумен және дін істері басқармасының төрағасы Али Ербашпен кездесулері нәтижелі өтті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Іс-шаралар барысында Министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.

Практикалық салалардағы әріптестікті жандандыру перспективаларына, оның ішінде ақпарат, дін салаларының мамандарын даярлау, волонтерлік қызметті дамытудағы тәжірибе және өзара озық үлгілермен алмасуды жүзеге асыру бойынша бірқатар мәселелерге ерекше назар аударылды.

Түркияның жастар ісі және спорт министрі М.Касапоглумен кездесу барысында Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Түркия Республикасының Жастар ісі және спорт министрлігі арасында жастар саясаты саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандум жасасу қажеттілігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ынтымақтастық бойынша волонтерлік қызметтегі тәжірибе алмасу көзделеді.

Аида Балаева 2021 жылғы 31 наурызда өткен Түркі кеңесінің бейресми Саммитінде мемлекет басшыларының СОVID-19 пандемиясының таралуына жол бермеу үшін бірігу және әріптестік орнату қажеттігі туралы айтқанын еске салды. Сондай-ақ ол екі елдің жастар көшбасшылары арасындағы қарым-қатынасты жандандыру алаңы саналатын – Түркі кеңесінің IV жастар фестивалінің биыл Қазақстанда өтетінін атап өтті.

Пікірлер