Шоу-бизнес: Иманбектің Instagram-ы шулауда

3086
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/2021040214563460735_imanbek.jpg
Желі қолданушылары БАӘ-де Rolls-Royce-пен суретке түскен қазақстандық Иманбек Зейкеновтің желіде жарияланған суретін қатты талқыға салуда, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Бұрынғы теміржолшы, қазір әлемдік жұлдызға айналып "Грэмми" сыйлығын жеңген қазақстандық Иманбек Зейкенов, желіде Rolls-Royce көлігінің алдында түскен суретімен желіні шулатты.  Ол өзінің Instagram парақшасында:
"Армандағы жұмыс LADA Priora (Imanbek Remix)" жазбасын қалдырды.
Пікірлер бөлімінде, "Грэмми" иегеріне шетелдік танымал ди-джей Бенни Бенасси пікір қалдырды. Ал жұртшылық: "Иманбек, жарайсың! Өнерің өрге жүзсін!", "жарайсың Дубайға қош келдің", "Жетістік деген, Бенни Бенассидің өзі пікір қалдырғаны екен ғой", делінген.

"Адырна" ұлттық порталы

 
Комментарии