Шымкентте ветеринариялық қауіпсіздік тұрақты бақылауда

5221
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларға 129,7 млн теңге бөлінген. Ол қаржыға жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу жұмыстары жүргізілді.

Жануарлардың энзоотиялық ауруларына қарсы іс-шараларды жүргізуге 42,2 млн теңге бөлініп, оған 162 492 басқа бүрку, 240 652 басқа тоғыту жұмыстары жүргізілген.

3 млн 922 мың шаршы метрлік үй іргелік қора жай, 751 мың шаршы метрді құрайтын буферлік аумақ кенеге қарсы залалсыздандырылды.

Сонымен қатар, 2020 жылы егеуқұйрықтарға қарсы дератизация жұмыстары жоспарланған 10 млн 833 мың шаршы метр 12 өзен мен канал аумағында, 33 мың шаршы метр көп қабатты тұрғын үйлердің қоқыс тастайтын контейнерлері мен Ақтас тұрғын алабы аумағындағы 580 мың шаршы метр қоқыс тастайтын полигонда толық көлемде атқарылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер