Еділованың өлімі: Күдікті туралы таныстары не дейді?

2547
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/d84963b2-ed9e-406b-971d-e561ab067161-960x500.png?token=62b9776bdbf31cf95a9d3ae6a8e3f2b1
Аяжан Еділованы өлтірді деген күдікті екінші курста медициналық академиядан оқудан шығарылған, деп хабарлайды “Астана” телеарнасы.  "Астана" телеарнасының хабарлауынша, кінәлі Шымкент медициналық академиясында фармацевтке оқыған. Күдікті оқу орнына 2013 жылы грантқа түсіп, үлгерімі нашар болғандықтан, оқудан шығарылды. Оқытушылар ол ешкіммен жанжалдаспайтын адам болғанын айтты. Тәртібіне байланысты шағым түспеген. Сондықтан бұрынғы студенттің ұсталғаны оқытушылар үшін күтпеген жағдай болды. Ал мектепте үлгерімі өте жақсы деп бағаланған. Ол кезде күдіктінің ата-анасы педагог болды. Отбасында тағы екі бала бар. Егер ұсталған адамның кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылдан 20 жылға дейін сотталуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Комментарии