Арам ақшаны жеп үйренгендерден адал нәтиже күткен біз ақымақпыз

5934
Adyrna.kz Telegram

Мынау жігіттің өмірбаянын оқысаң, енді өте тамаша. Бұл Килиан Мбаппе - футболист, ПСЖ шабуылшысы, жасы 22-де ғана. 1998 жылғы. Футбол нарығындағы орташа бағасы 180 миллион АҚШ доллары. Жылдық табысы 18 миллион АҚШ доллары.

Ата анасы осы баланы өрлету үшін талай қиыншылықты бастарынан өткеріпті. Жалпы, Еуропа елдері нағыз дарындыларды таниды, таңдай біледі. Оларға жағдай жасай біледі, жаттықтыра біледі, көздерін келешекке, перспективаға аша біледі. Ол жақта тек сапаға қарайтыны осы жігіттің, басқа да атақтылардың өмірінен анық көрінеді.

Біздің елде дарындыларды ешқашан бағаламайды. Ешқашан бағаламайды, кепілдік беремін. Сондықтан біздің дарындылар өз елінде емес, шетелге барып өзін дамытса екен. Оған да қаражат керек. Бірақ бәрібір шетелге барып, өздерін дамытқанын қолдаймын. Бізде арам ақшаны құлқынына тыққан ақсаусақтар ғана алға шығады. Содан ғой, зиянынан басқа нәтиже жоқ.

Бізде футболды тоқтату керек. Жемқорлыққа батып қалған сала осы. Қазіргі футболдың парағын жабу керек. Жеке азаматтардың қолына тапсыру керек бизнес ретінде. Содан кейін ғана таңдау болады, дарындыларды іріктейді. Ал, қазіргі футболдың парағын жауып, тарихын осымен тәмәмдаған дұрыс.

Бұлар бәрібір нәтиже бермейді. Себебі бәрі бюджетті тонап, арам ақшаны жеп үйренген. Өзіміздің футболды көрмеймін, жүйкем орнында тұрғаны жөн деп санаймын. Жынды болып кетемін мен өзіміздің футболды көрсем.

 

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер