Өткен жылы коронавируспен ауырғандар қайтадан инфекция жұқтырып жатыр – дәрігер

4301
Adyrna.kz Telegram

И. Жекенова атындағы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы инфекция бөлімінің меңгерушісі, фтизиохирург, пульмонологы Абзал Малбасқанов коронавируспен ауырғандардың қайта індет жұқтыруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

«Вирус мутацияға ұшырап отырады. Коронавируспен ауырған адамның ағзасының инфекцияға иммунитеті мәңгілік болмайтынына толық көзіміз жетті. Әрине, қысқа мерзімді иммунитет сақталады, бірақ ағзада жасушалардың жаңару үрдісі кезінде, уақыт өте келе атиденелердің көлемі азаяды. Ол азайған сайын, адамның қайта ауру қаупі жоғарлайды. Қазіргі таңда 2020 жылы жазда ауырғандардың қайта инфекция жұқтыруы бірен-саран адамдарда кездесіп жатыр», – деді А. Малбасқанов.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер