Қытай Еуроодақтың санкциясына қарсы санкция жариялады

2622
Санкцияға қарсы санкция
Қытай Еуроодақтың санкциясына қарсы Еуроодақтың 10 лауазымды тұлғасына санкциямен жауап қайтарып отыр. Бұған Еуроодақтың Қытайдағы адақ құқы және Шыңжың автономиялық өлкесіндегі репрессия мен жаппай қуғындауға қарсы салынған санкциясы себепші болды.
Қытай Еуроодаққа Шыңжың автономиялық өлкесіндегі процесс Қытайдың ішкі мәселесі, оған араласуға құқылы емессіңдер деген позициямен Еуроодақтың өзіне қарсы санкция жариялады. Еуроодақ Қытайды халықаралық адам құқына қатысты нормаларды сақтамай, жаппай қуғындау жүргізіп отыр деп айыптап отыр.
Қытайдың санкциясына Европаламент депутаттары Рейнхард Бютикофер, Михаэль Галер, Рафаэль Глюксманн, Илхан Кючук, Мириам Лексман, Европаламент палата өкілдері Сьёрд Вимер Сьёрдсма, Бельгияның парламент депутаты Самуэль Коголати, Литва парламентінің депутаты Довиле Шакалене, неміс және швед оқымыстылары Адриан Зенц пен Бьерн Джерден ілікті. Бұл адамдарға Қытайдың территориясына кіруге, Қытаймен арада қандай да байланыстар жасауға тыйым салынды.
Қытай тарапынан Еуроодақтың саяси және қауіпсіздік комитеті, адам құқы жөніндегі комитеті, Данияның демократиялық Альянс қоры, Қытайдағы Берлин институнының филиалы сияқты ұйымдар да санкцияның тізіміне ілікті.
 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар