Ресей АҚШ пен ЕО-ның соңғы санкцияларынан 6,3 миллиард АҚШ долларынан айырылды

4106
Ресейдің экономикалық даму министрлігі Ресейге АҚШ пен ЕО тарапынан салынған санкцияның кесірінен елдің ішкі және сыртқы нарығымен қоса алғанда келген зиянды 6,3 миллиард АҚШ доллар болғанын мәлімдепті.
Ресей ішкі және сыртқы нарығына келетін, кететін импорттық-экспорттың тауар айналымдарындағы баж салығымен қоса алғанда Ресейдің соңғы көріп отырған зардабы осы.
Ресейге АҚШ пен ЕО тарапынан 159 тауар түрі мен 62 елге байланыс жасауға шектеу қойылыпты. Сонымен қатар жүздеген халықаралық компаниялар мен фирмалардың Ресейден тауарлық лицензиясы да алыныпты.
Бұл дегенің сұмдық ауыртпалық. 6,3 миллиард АҚШ доллар шығынның 2,4 милларды Еуроодақтың санкциясынан болып отыр. Қалғын 3,9 миллиард АҚШ доллары АҚШ-тың экономикалық санкциясынан іске асқан. Ал кейбір сарапшылардың зерттеуінше Украина тарапынан болған кикілжіңнен Ресей 777 миллион АҚШ долларына шығынға батқан.
Санкция Ресейдің медицина, ауышларуашылығы, мұнай мен газ, химия өндірісі саласына айтарлықтай ауыртпалық салып отыр. Халықаралық сарапшылар Ресейді халықаралық адам құқығын таптау бойынша да алдағы уақыттарда санкциялардан үлкен шығындарға тап болады деп болжап отыр.
 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар