Короновирус: бір тәулікте 13 адам қайтыс болды

3182
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустық пневмония мен коронавирустың салдарынан бірден 13 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы, Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

11 науқас коронавирустан, ал екеуі пневмониядан қайтыс болды деп хабарланды. Еске сала кетейік, осыдан бір күн бұрын 10 адам, ал 23 наурызда 12 адам қайтыс болған болатын.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирустың 1105 жаңа жағдайы белгілі болды. Науқастардың көпшілігі Алматыда (+ 341), Нұр-Сұлтанда (+195) және Алматы облысында (+104) анықталды. Жалпы республикада COVID-19-тің 236 200 жағдайы және пневмонияның 50 152 жағдайы расталды.

Денсаулық сақтау министрлігінің 25 наурыздағы мәліметі бойынша,  22 124 адам короновирус инфекциясынан (19 505 КВИ+ және 2 619 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 731 пациент стационарда, 15 393 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

  • 307 адамның жағдайы ауыр;
  • 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 39 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер