Дамир Исмагулов UFC-мен жаңа келісімшартқа отырды

869

Қазақстандық спортшы Дамир Исмагулов UFC-мен жаңа келісімшартқа қол қойды,-деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Дамир Исмагулов 2014 жылдан бастап кәсіби деңгейде өнер көрсетіп келеді. UFC, M-1 Global және т.б ұрыс ұйымдарының турнирлеріне қатысуымен танымал. Этникалық қазақ және жекпе-жектеріне екі елдің Қазақстан және Ресей туын әрдайым алып жүреді.

Бүгін ол өзінің Instagram желісіндегі жазбасында:

"UFC-мен 4 жекпе-жекке келісімшартқа отырғаныма қуаныштымын. Менеджерлеріме @sayatus(Саят Абдрахманов), @rubyse шынайы жұмыстары үшін зор алғыс.  Аңшылық маусымы ашық" деді.

Еске сала кетейік, Исмагулов UFC-дегі дебюттық кездесуін 2018 жылдың желтоқсанында бастаған еді. Ол UFC-ді жеңіп алған алғашқы қазақ болды. UFC қолдауымен ол үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар