«Бауырсақ party» акциясы өтті

7423
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/assamleia-3.jpg
Наурыз мерекесі қарсаңында Нұр-сұлтан қаласының ҚХА «Бауырсақ party» қайырымдылық акциясын өткізді. Іс-шараның мақсаты – ұлттық мерекенің жалпы рухын қолдау, елорда тұрғындары мен қонақтарына жағымды көңіл-күй сыйлау. Ұйымдастырушылар көлікке отырып, қаланың тұрғындары көп жүретін жерлерге барып, ыстық та дәмді бауырсақтарды таратты.Наурыз мерекесі қарсаңында Нұр-сұлтан қаласының ҚХА «Бауырсақ party» қайырымдылық акциясын өткізді. Іс-шараның мақсаты – ұлттық мерекенің жалпы рухын қолдау, елорда тұрғындары мен қонақтарына жағымды көңіл-күй сыйлау. Ұйымдастырушылар көлікке отырып, қаланың тұрғындары көп жүретін жерлерге барып, 150 дорба ыстық та дәмді бауырсақтарды таратты.
Көмекке мұқтаж 30 отбасы да назардан тыс қалған жоқ. Олар үшін азық-түлік себеттері әзірленді. Себебі Наурыз мерекесінде олардың үйлерінде мерекелік дастархан жайылуы керек.
Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері қайырымдылық акциясына белсенді қатысты. Олардың қатысуының арқасында іс-шара салтанатты сипатқа ие болды. Наурыз – жалпыұлттық жақсылық пен көктемгі көңіл-күйдің мерекесі. Бұл күні тәттілерді дайындау, қонақтарды қарсы алу, реніштерді кешіру керек. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии