Тұман және көктайғақ: Бірнеше өңірже дабылды ескерту жарияланды

2020
Adyrna.kz Telegram

Қара теңіз циклоны шамамен барлық өңірге жетеді, салдарынан жауын-шашын болады. Бұл туралы "Қазгидромет" синоптиктері хабарлады.

Солтүстік-батыста бұрқасын жүреді. Кейбір өңірлерде тұман және көктайғақ болатыны хабарланып отыр.

Дабылды ескерту

Ақмола облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Атырау облысында тұман, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысында жел күшейеді.

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы - 20 м/с.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл болып, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 30 метрге жетеді.

Түркістан облысында желдің екпіні - 15-20 м/с.

Өңірлердегі ауа райы

Алматы облысында тұман, желдің жылдамдығы 30 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.

Павлодар, Қостанай облыстарында тұман және көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.

Қызылорда облысында тұман, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Қостанай облысында тұман және көктайғақ болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада қар жауады. Түнде температура: -1-3°C, күндіз: +2 +4°C. Желдің жыдамдығы - 9-14 м/с.

Алматыда күн бұлтты. Түнде +2+4°C, күндіз +14+16°C. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Шымкентте жауын-шашынды. Желдің екпіні - 8-13 м/с, түнде 7-9°C, күндіз +11+13°C.

Пікірлер