Студент баспанаға жинаған ақшасын бүлдіршіннің еміне аударды

6281
Adyrna.kz Telegram

Оралдық қарапайым студент Серік Мұқашевтың игі ісі көпті тәнті етті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Ол қатерлі індетке шалдыққан Эмир есімді бүлдіршіннің еміне 1 миллион теңге аударды. Баспана аламын деп жинаған ақшасын ол осылайша, қайырымылыққа аударды. «Бастысы сәби айығып кетсе екен» деп тілейді.

- Біреулер «сен дұрыс істемедің, сен әлі өзіңді көтерген жоқсың», «мұндай ақша беру үшін сен бизнесмен болу керексің» деп айтады. Мен әлі жаспын. Мен өзімнің қойған мақсатыма жетемін. Пәтер аламын десем, мен аламын. Жұмыс жасаймын, Құдайға шүкір. Бәрі әлі алда. Кім қанша жалақы табатыны маңызды емес. Көмектескің келе ме, көмектес»,-деді студент журналистерге берген сұхбатында.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер