Моникаға қатты ғашық болған Клинтон тақтан айырылып қала жаздаған

3082
Adyrna.kz Telegram
АҚШ-тағы Клинтон-Левинская дауы
АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтон жап-жас Моника Левинскаяға қатты ғашық болып қалады. Бұл жағдай 1995 жылы болған. Клинтон Мониканы халықпен кездесіп жүрген кезінде кездестірген. Білдей әлемнің державасы АҚШ-тың президентін өзіне тартқан бұл қыздың бойындағы қандай күш еді...
Ең алғаш рет көргенде Клинтонның жасы 49 да, ал Мониканың жасы 22 де болыпты. Мониканың жасы Клинтоннан 27 жас кіші болған. Жас қыз да АҚШ президентіне деген махаббатын жасыра алмайды. Ол бұл оқиғаны менің және ата анам мен достарымның өміріндегі трагедия болды деп санаған екен. Клинтон осы қарым-қатынасы үшін АҚШ халқының алдында ақталып, кешірім де сұрайды.
Бір қызығы АҚШ-тың бірінші патшайымы Хиллари Клинтон өзінің күйеуінің бұл қадамын толық қолдаймын деп америкалықтарды таң қалдырады. Ол өзінің сөзінде: "Менің күйеуім АҚШ-тың президенті, ал бұл қыз менің күйеуіме жеке өмірде де, қызметінде де шексіз шабыт береді",-депті.
Клинтонның Моникамен болған қарым-қатынасынан хабардар болған АҚШ сенатындағы республикашылдар президентке импичмент беріп те үлгереді. 1999 жылы 7 қаңтарда импичмент дауысқа салынады. Клинтонның бақытына орай импичментте президентті тақтан кетіру іске аспай, дауыс жетпей қалады. Таза махаббат жеңіп шығады. Соңында Моника сол 22 жас қайта бұйырса, сол жағдайдың қайтып келмеуін тілеймін деген екен. Себебі, америкалық БАҚ-тар Мониканы әбден мезі еткен болатын.
Бұл оқиғаны орыстың өсекші сайттары жыл бойы өсектеп, жерден жеті қоян тапқандай етіп жазып отырыпты.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер