Балаеваның бастамасымен ерекше балаларға арналған ауқымды жоба басталды

2208
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ерекше балаларды анимацияға үйрету әлеуметтік жобасы басталды. Бұл туралы министр Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”ұлттық порталы Sputnik Қазақстан. сайтына сілтеме жасап.

"Жыл басында Balapan телеарнасының жанынан "Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған анимация мектебін" ашу туралы шешім қабылданды. Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсету – біздің басты міндетіміз. Әсіресе, ерекше балалар өздерін кем санамай, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезініп өсуі қажет", - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Айтуынша, соған байланысты ерекше балаларды анимацияға үйрету жобасы қолға алынды.

"Анимация тек көңілді көріністер жиынтығы ғана емес, бұл – тәрбие мен білім құралы. Сондықтан осы салада тәжірибесі мол Оңтүстік Корея, Жапониямен әріптестік орнатып жатырмыз. Әзірге әлеуметтік мектепке 30 оқушы іріктелді. Сабақ  12 наурыздан басталады. Іріктеу нәтижесі көрсеткендей, ата-аналардың да, балалардың да қызығушылығы мол", - деді ол.

Пікірлер