Қышқыл сатира. Қатындар шеруі

2552
Adyrna.kz Telegram

Қатындар,ой кешіріңіздер, кәрі қыздар мен қыз–келіншектер шеруге шықты. Бірінің қолында «Кәрі қыздарға күйеу керек!», «Еркектер оңбағандар!», «Біз тең праволымыз!» деп жазылған ұрандарды көтеріп алыпты.

Меруерт пен Перизат қолтықтасып келе жатқан, алдынан тілші қыз шығып, көшенің шетінде сұхбат ала бастады.

Тілші: –Сәлеметсіз бе апай, сіз тауға шыққансыз ба?
Перизат: –Гималай тауына ма? Жооқ.
Тілші: –Кешіріңіз, тауға дегенім, тұрмысқа шықтыңыз ба деп тұрмын?
Перизат: –Ее, төмпещікке шықтық қой.
Тілші: –Рахат болған шығар?
Преизат: –Қайдағы рахат? Кеш болса, қасыма жатып алады!
Тілші: –Енді... Ерлі –зайыптылар бірге жатпайды ма?
Перизат: –Солайы солай ғой, ұйқысы жаман. Түсінде қылғындыра береді, қылғындыра береді.
Тілші: –Қызық кісі екен?
Перизат: –Сосын ажырасып кеттік.
Тілші: –Рахмет апай. Мына шеруге не үшін шықтыңыз?
Перизат: –Әйелдер еркектен бір саты төмен дегенге қарсымын! Екі саты жоғары тұрмасақ, еркектер құтырып, әйелдер ұтылып кетеді! Кәрі қыздарға үкімет күйеулер бөлсін! Махаббат Инвестициясын тартсын! Еркектер әйелдерін өртемесін! Өлтірмесін! Азаптамасын! –деп айқайлап кетті.
Тілші: –Сабыр етіңіз, сіз тұрмысқа шықтыңыз ба? –деп сұрады Мәдинадан.
Мәдина: –Жоқ. Бірақ бес рет алып қашты.
Тілші: –Қалмадыңыз ба?
Мәдина: –Түрлері жамаан жігіттер.
Тілші: –Еркек дегенді қалай түсінесіз?
Мәдина: –Оңбағандар ғой.

Тілші: –Сіз де оңбаған екенсіз, рахмет сіздерге! –деген ол бұрылып кетіп қалды. Мәдина мен Перизат иықтарын көтеріп, көздерін жыпылықтатты.

Мұхтар ШЕРІМ

Пікірлер