Ауадан тамақ жасап шығару үшін 5 миллион доллар қаржы бөлінді

2530
Adyrna.kz Telegram

Фин ғалымдары ауадан тамақ жасап шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Солеин аталатын тағам 65 процент ақуыздан тұратын сары ұн. Мұны жасау үшін көмірқышқыл газ, микробтар, су, қоректік заттар, витаминдер, электр және шағын биореактор қажет. Осындай қоспалардан дайындалған тағамды нан немесе өзге де тамақтарға қосып жеуге болады екен.

Ғалымдардың айтуынша, бұл ет пен сүтті алмастырып ғана қоймай қоршаған ортаны тазартуға да көмектеседі. Ең бастысы, солеинды далада жер жыртып, дән егіп емес зертханада жасап шығара беруге болады.

Жергілікті билік стартапқа көп үміт артып, 5 миллион доллар көмек қаржы бөлді. Солеин нарыққа 2023 жылы шығуы мүмкін.

Пікірлер