Саяси жағдай шиеленісіп барады

1826

Дүниежүзілік саяси жағдай өте қатты шиеленістік фазаға кірді. Ресейдегі, Беларустегі халық толқулары шетел көмегімен жасалып отырғаны белгілі болды.

Әрине, диктаторлық басшылық , биліктегі жемқорлықтыңда әсері бар.

Енді кезек бізге келді. Байден Өзбектерді мақтап, біздің билікке "Рессеймен одағыңды қой" деп ескерту беріп отыр.

Өзбектер сталиндік репрессияны геноцид деп жариялап, шын тәуелсіз мемлекет екенін көрсетті. Латын әліппесіне көшіп мемлекеттік құжаттарды тек өз тілінде жүргізеді.

Жоғарғы биліктегілер тықыр таянғанын сезіп, ұсталғандарына қарамай қарбытып ақша жеуге кірісті. Оның үстіне екі басшылық билікті әлсіретіп, жүйенің іштей шіруіне себепші болды.

Осындай жағдайда ең қауіптісі халықтың саяси сауатының төмендігі, өз тағдырын өздері шешкенде ғана Ел ішінің түзелетінін түсінбеуі.

Диктаторлық жүйені халық өзі жоймаса, сыртқы күштер соны сылтау етіп төңкеріс жасайды. Не болсада осы жүйе кетсе екен деп тілеушілер, болмаса "күнкөріс бар тыныштық болсын" деушілер қатты қателесіп жүр.

Саясатқа араласпасаң, саясат сенің өміріңе араласады .

Қазақстанда төрт ең алып мемлекеттердің активтері тоғысқан.

АҚШ, Қытай, Ресей, Түркия. Бұл деген Сириядан да жаман болады деген сөз. Себебі, шекарада тұрған Қытай мен Рессей бар.

Билік қазір халқына жағдай жасамай, отпен ойнап отыр.

Президент шұғыл реформа жасап, оппозицияның тілге тиек ететін түйінді мәселелерін шешіп тастау керек. Әсіресе, тәуелсіз, халық сайлайтын сот жүйесін қалыптастыру маңызды мәселе.

Ал ол 2024 жылдан бастап аудан әкімдерін сайлаймыз дейді .

Оған уақыт жоқ, 2 жылда Путиннің беделінің қалай түскенін көрмей ме?

Тіл, жер, несие, жазықсыз сотталғандар, бастысы Үкімет басына жемқорлықты жоятын адам қою. Мәжіліс, сенат төрағаларына Ел алдында беделі бар кісілер қоюда аса маңызды мәселе.

Өз ойым.

Әбдібек БИСЕНТЕГІ.

Әлеуметтік желідегі жазбасынан.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы