Алматыда тағы бір притон анықталды (видео)

5949
Adyrna.kz Telegram

Алматыда массаж салонының атын жамылып жұмыс істеген тағы бір жезөкшелер үйі анықталды, – деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Медеу ауданында интимдік сипаттағы қызметтер көрсететін жезөкшелер үйі анықталды. Онда 20-дан 33 жасқа дейінгі қыздар ақшалай сыйақы үшін өз клиенттеріне боди массаж жасаумен айналысқан.

– Мұндай массаж процедурасының құны шамамен 20 мыңнан 40 мың теңгеге дейінгі соманы құрайды. Жеке үйдің ғимаратында алкогольдік ішімдіктерге толы бар және демалыс бөлмелері болған. Жеті қыздың алтауы – әр облыстан келген отандастарымыз, ал біреуі – Өзбекстан Республикасының азаматшасы. Мұндай боди массаж интимдік қызмет түрі деп саналады және жезөкшелікпен теңестіріледі, сәйкесінше мұндай қызмет түрін ұсынушылар базаға жезөкшелікпен айналысатын адамдар ретінде енгізіледі. Жеке басын анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін барлық “массажистер” Полиция басқармасына жеткізілді, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер