Бүгін Темірхан Медетбектің туған күні

4042
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/b1749d6b-0ca9-43e0-9452-dd8c351bfae5.jpeg
Бүгін Темірхан Медетбек ағаның туған күні екен ғой. Жүз жасасын ағамыз! Ақынға өлеңі оқылғаннан артық бақыт жоқ. Мынау "Базарға барғым келмейді" деген жыры. Шолпан, қинама! – Сен, сенбе, Сен мейлі., Менің базарға Барғым келмейді. Базардан не көрем! – Қазақты көрем, Қазақты көріп, Азапты көрем; Дорба сүйреткендер де Қазағым. Арба сүйреткендер де Қазағым. Құлап жатқандар да Қазағым. Жылап жатқандар да Қазағым. Сұрап жатқандар да Қазағым... Қазағым, Қазағым, Қазағым, – Азабым! Шолпан, қинама! – Сен, сенбе, Сен мейлі., Менің базарға Барғым келмейді. Қазақтың азабын, Көргім келмейді.

Серік ӘБІКЕНҰЛЫ

Комментарии