Әлихан бастаған қазақ зиялылары мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті - Қасым-Жомарт Тоқаев

3562
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/8faa82c2-63b8-48c8-b166-58b44c9d1d6e.jpeg
«Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті». ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алаш қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай жазған Twitter-дегі жазбасында осылай деді.
«Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті» делінген хабарламада.  
Комментарии