“-Ов, -ев, -ин жалғаулары фамилияға өте ыңғайлы”

2550

Қазір балаларға -ов, -ев, -ин жалғауынсыз фамилия беру қарқындап барады. Бұл көп ыңғайсыздықтар тудырады.

Біріншіден қайсы фамилия қайсы ат екенін ажаратпайсын. Кейбір жағдайда ондай аты-жөнмен жынысын да айырудан қаласын. Бұл жұрнақ тәуелікті білдіреді, яғни ілік септігінің мағынасын. Нұрсұлтан Назарбаев деген Назарбайдың Нұрсұлтаны деп аударылады. Бірақ ілік септігін фамилия ретінде қолдану қиын. Өйткені изафеті бар. Изафет кесірінен адамның аты фамилиямен бірге тұрғанда -і, -ы жалғауы керек, ал жеке тұрғанда ол жалғау керек емес болады. -ұлы ден жалғап фамилия қылып жүргендер бар, бірақ бұл фамилия емес бұл әкесінің аты яғни отчество.

Құжаттарда атқа байланысты үш графа бар: фамилия, аты, әкесінің аты. Сол үшеуі де болғаны ыңғайлы, Қалай дегенмен -ов, -ев, -ин жалғауларымен жасалған фамилиялар өте ыңғайлы. Қазір көп аттар уникалды емес, қайталана береді. Олар ертен фамилияға айналса аттас фамилиялар көбейіп қиын болады.

Ертеден келе жатқан фамилиялар уникалды аттардан құралған. Сол фамилияларды өзгертпей атадан балға қалдыру керек.

Бұл жерде ағылшын аты мен фамилиясын қалай шатыстырмайды деп таң қалу керек емес. Өйткені ағылшын фамилиясы адам атынан жасалу өте сирек. Көбінесе кәсіп, адамның сырт белгісі, шыққан жері туралы сөздер фамилия болған. Мысалы Смит ұста деген сөз. Буш бұта деген сөз. Ондай ат қойылмайды.

Мектепте мұғалім фамилиясы бойынша Назарбаев емес Назарбайдың мамасы боласыз ба дейді? Сонда келін: ия Назарбайдың мамасымын деп қайын атасын бала қыла ма? Мектепте фамилиясы бойынша сұрайды. Баланың фамилиясын сұрағанда келін кайын атасының атын айтып қояды. Егер ов ев болса, онда қайын атасының атын атамайды. Өйткені қазір аттас балалар бір сыныпта көп. Аттар қайталана береді. Ал фамилия бұрынғы аттан шыққандықтан қазіргі аттан көрі сирек кездеседі.

Мысалы ашық сабақта немесе аттестат, диплом бергенде фамилиясы бойынша шақырады. Сонда ол жерде баланың атасы болса соны шақырғандай болады. Мысалы бала аты жөні Назарбай Нұрсұлтан болса, диплом бергенде Назарбай деп шақырады. Сол жерде атасы Назарбай келіп тұрса ыңғайсыз болады.
Ахметова Бекзат деген қыз фамилиясы — Бекзат, ал аты — Алихан деген жігітке тұрмысқа шығып фамилиясын алса Бекзат Бекзат бола ма?

Ескерту: Мақала авторының пікірі редакция ұстанымын білдірмейді.

Қайыр РЫСБАЕВ

Пікірлер
Редакция таңдауы