Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы аккаунтында медицина қызметкерлеріне арнап ескерткіш орнатқаны туралы жазба жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен дәрігерлерге арналған ескерткіштің негізіне тас орнаттық. Ескерткіш КВИ пандемиясымен күрескен барлық медицина қызметкерлеріне көрсетілген құрмет пен алғыстың белгісі. Сондай-ақ олардың құрметіне қарағай аллеясы отырғызылды», - деп жазды Алматы әкімі.
Ескерткіш С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы аллеяда ашылады. Мұнда 20 қарағай көшеттері отырғызылды.