Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді

2575
Adyrna.kz Telegram

2021 жылы Қазақстанда Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы қызмет қорытындылары мен 2021 жылға арналған міндеттер бойынша кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қолданыстағы көші-қон жүйесін жетілдіру мақсатында өткен жылы заңнамаға елге келетін қоныс аударушылар мен этникалық репатрианттарға қолайлы жағдайлар жасауды; шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілердің шетелдік білікті қызметкерлерді қазақстандық кадрлармен алмастыру жөніндегі міндеттемелерін көздейтін түзетулер енгізілді.

«Көші-қон қатынастарын одан әрі дамыту шеңберінде 2021 жылы үш негізгі міндет айқындалды. Біріншісі – Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасын қабылдау. Екіншісі – қазақстандық қызметкерлерді шетелде жұмысқа орналастыру және құқықтық қорғау бөлігінде тиісті жүйені енгізу. Үшіншісі – кадрлардағы қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету кемінде 97% деңгейінде сақталады», – деді Серік Шәпкенов.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер