Депутаттар мен министрлерге вакцина қашан салынады?

2420
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/02/5fe748bec9350991540408.jpg
Депутаттар мен министрлерге вакцина сәуірдің басында салынатыны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Министрлер мен парламент депутаттарын вакциналау наурыздың соңы – сәуірдің басы басталады. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Денсаулық сақтау вице-министр Ерлан Қиясов мәлімдеді.
«Олар мемлекеттік қызметкерлермен бірдей вакцина салдыратын топқа кіреді. Бұл кезең медициналық қызметкерлер, педагогтар, әскери қызметшілердің вакцинациясы толығымен аяқталғаннан кейін жүргізіледі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлерге вакцина егуді көздейді», – деді ол баспасөз мәслихатында.
«Сол уақытта қандай вакцина қолжетімді болса, соны егеміз. «Спутник V» вакцинасы болатын шығар», – деді Қиясов. Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева бұған дейін "Спутник V" вакцинасын салдыруды жоспарлаған болатын.
Комментарии