101 жастағы кейуана жеке куәлік алды

2302
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысының тұрғыны жүз бір жасында жаңа жеке куәлігін алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Созақ АПБ-нің полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде қарттарға, ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға құжатын жасап беруге, ары-бері сандалтпауға үнемі көмек көрсетіп отырады. Осы мақсатта Созақ АПБ-нің қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ халық арасында сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, жеке куәлігінің мерзімі өткен, бір ғасыр жасаған әжені анықтады. Содан кейін ақ жаулықты ананы шаршатпастан қажетті құжаттарын жинақтап, фото-бейнеге түсірді»,-делінген хабарламада.

Осылайша Созақ ауданының тұрғыны Сырғакүл Керімбековаға жеке куәлігін қайта жасап беруге көмек беріліп, дайын құжаты табысталды.

Өз кезегінде 101 жасқа келген кейуананың куанышында шек болмады. Ол полиция қызметкерлеріне және оларды басқарып отырған басшыларына аналық алғысын жаудырды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер