Депутаттар Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш қоюды ұсынды

1779
Adyrna.kz Telegram

Сенат депутаты Алтынбек Нұхұлы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын әлемдік деңгейде атап өтуді ұсынып, Үкіметке сауал жолдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Qazaqstan» Ұлттық арнасына сілтеме жасап.

«Ұстаз есімін ұлықтау тұғырлы тәуелсіздігіміздің, ұлттық құндылықтар мен ұлт мұратының жүзеге асып жатқандығының белгісі. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын әлемдік деңгейде тойлау - еліміздің әлемдік аренадағы беделін арттырады», - деді ол Сенаттың жалпы отырысында.

Депутаттар Үкіметтен 2022 жылы 5 қыркүйекте Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту үшін арнайы хат дайындап, тиісті орындарға жіберуді, рухани көсем тұлғасын айшықтау үшін елордада еңселі ескерткіш орнату бастамасын көтерді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер