"Пуштун-дари тілін білетін мамандар қажет"

3861
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосында оның ішінде Шығыс елдері Азия және Африка департаменті бойынша қызметте жүрген дипломаттардың көпшілігі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті түлектері.

Факультеттің ашылғанына 32 жыл. Бүгінгі таңда факультеттегі 4 кафедрада 8 тіл оқытылады. Олар хинди, урду, жапон, кәріс, түрік, парсы, араб және қытай тілдері.

Факультетте тек тіл ғана емес, тілі оқытылатын елдің діні, мәдениеті мен экономикасы, тарихы түгел қамтылады. Енді осы мәліметтер мен факультеттің соңғы жеткен жетістіктері жайында факультет деканы Ықтияр Молдатөреұлының ERI TV Еуразия зерттеулер институтының «Сұхбат» бағдарламасына берген сұхбатынан кеңінен таныс бола аласыздар.

Пікірлер