Шәкен Кенжетайұлы Айманов – қазақтың әйгілі актері, қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі. Ол 1914 жылдың 15 ақпанында қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген.
1940 жылдан кино саласында еңбек етті. Қазақ өнерінің шоқтығы биік тұлғасы түсірген «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Дала қызы» (1954), «Біздің сүйікті дәрігер» (1958), «Алдар Көсе» (1965), «Туған жер» (1967), «Атаманның ақыры» (1970) фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық дарытқан өміршең туындылар. Ал экранға шыққанына жарты ғасыр болған «Тақиялы періште» фильмі әлі күнге көрерменін еш жалықтырған емес.
«Адырна» ұлттық порталы