Педагогтардың жалақысы төмен – Дариға Назарбаева

2124
Adyrna.kz Telegram

Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру орталықтарында қызмет ететін педагогтардың жалақысы төмен, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Мемлекеттік тапсырыс арқылы қаржыландырылатын мекемелерге нақты қолдау керек. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дариға Назарбаева Үкіметке осы мәселе бойынша депутаттық сауал жолдады.

Депутаттың айтуынша, жекеменшік орталық көбейгелі балабақша тапшылығы азайып, бюджет қаржысы үнемделген. Алайда мемлекеттік білім беру мекемелері мұғалімдерінің жалақысы соңғы жылдары бірнеше рет өссе де, жеке саладағы педагогтардың еңбекақысы сол күй қалған.

«Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік тапсырыс кезінде жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемін өздері бекітеді. Ал ол белгіленген орташа мөлшерден төмен. Салдарынан қызметкерлердің жалақысы өспейді»,-деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер