Демалыс күндері ауа райы күрт өзгереді

2671
Adyrna.kz Telegram

Қазгидромет 6-8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Атлантика аудандарынан келген кезекті белсенді циклон Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын анықтайтын болады. Жауын - шашынмен (жаңбыр, қар), солтүстік жартысында – жаяу бұрқасынмен ауа райының нашарлауы, сондай-ақ көктайғақ, тұман бүкіл республика бойынша байқалатын болады. Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік жартысына орталығы Түрікменстанның үстінде орналасқан антициклон жотасы әсер етеді. Атмосфералық процестердің тез өзгеруі бүкіл республика бойынша температуралық фонның ауытқуын тудырады», - делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер