ӨМІР ШЫНЫБЕКҰЛЫ: Қоғамның «еті өліп» кетпесін

3823
Adyrna.kz Telegram
40346537 - outdoor portrait of sad young man covering his face with hands sitting on stairs. selective focus on hands. sadness, despair, tragedy concept
40346537 - outdoor portrait of sad young man covering his face with hands sitting on stairs. selective focus on hands. sadness, despair, tragedy concept

"Астарлы ақиқат" секілді бағдарламалардың пайда болуының астарында не жатыр? Бұл жай ғана "Сөз бостандығын" пайдаланып сөйлеп қалу емес. Халықтың көзі мен құлағын жамандыққа үйретіп, азғындыққа жетелеу.. Дина Төлепберген бар болғаны үлкен бір күштердің қуыршағы болу керек.. Егер қайын ата мен келіннің төсектес болғанына көз-құлағымыз үйренсе, мүмкіндік туған жерде елдің қазынасы түгілі, жетім-жесірдің хақысын қарпи салу үйреншікті әдетке айналады..

Балаларға бөлінген компьютерлерден 37 млн теңгені өңешінен өткізіп жіберген бір облыстың бас ұстазының қылығын еске түсірсек бойымыз үйреніп те қалған секілді.. 1300-1316 жылдар аралығында жазылған «Жамиғ ат-Тауарих» атты кітапқа көз салыңыздар..

".. Шыңғыз хан меркіт руымен соғысып жатып, олар үстем келген кезінде Бөрте фужин Жошыға жүкті еді. Меркіт руы оны тұтқындап алып кетті. Ол замандары меркіт руы мен Оң ханның ортасында бітімгершілік қарым-қатынастар болғандықтан меркіттер Бөрте фужинді Оң ханға беріп жіберді.

Оң хан оны сыйлап, құрмет көрсету аясында ұстады. Шыңғыз ханның әкесімен болған көне достығы себебінен оған өз келініндей қарады, ал Шыңғыз ханды "балам" деп атайтын.

Оң ханның әмірлері

- Неліктен сен оны әйелдікке алмайсың? -дейтін.

- Ол менің келінім. Оған опасыздық көзімен қараған өте әділетсіз және бекзаттықтан тыс болатын еді - дейтін..

283-284 беттер

(Астана. «Фолиант» баспасы. 2018)

Рашид ад-Дин Фазлуллах Хамадани (1247-1318)

Пікірлер