Германия Путиннен Навальныйды босатуды талап етуде - Бекболат Қаржан

1703
Adyrna.kz Telegram
АҚШ, Ұлыбритания, Германия үшеуі Путиннен Навальныйды тез арада босатуды талап етіп жатыр. Тізімнің ішінде Германия бар. Бұл туралы Бекболат Қаржан өз facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Демек, "Солтүстік ағын-2" жобасынан ең басты компаньон шығып жатыр деген сөз. Ақ Үй әкімшілігі Солтүстік Атлантика әскери бірлестігінің шеңберінде Германияда АҚШ-тың әскерін қалдыру жөніндегі шараны қайта қарап жатыр. Бұл шара негізі Трамп әкімшілігі кезінде жүзеге асуы керек болған екен. Бірақ Трамп Германиядан АҚШ-тың әскерін алып кетуді тапсырған. Байденнің Германияда АҚШ әскерін қалдыру ісі жүзеге асса, Ресейге қарсы алдағы уақытта экономикалық санкция күшіне мінеді. АҚШ Германияны біраз уақыттан бері райынан қайтара алмай келді.
Себебі, АҚШ Еуроодақпен келісімге келіп, санкцияның жаңа пакеттерін дайындауды ұсынған болатын. Енді Навальный процесі Ресейдің екінші бүйірінен қысуға жақсы себеп болды.
Бірақ Путин онлайн конференцияда "Біз соғыс қимылымен жауап қата аламыз" деп гүрс еткізіп жауап берді. Путин АҚШ пен Еуроодақты Ресейдің ішкі ісіне араласып отыр деп айыптады. Бірақ Ресей билігі адам құқын таптап отырғанымен шаруасы жоқ.
Пікірлер