“Бомба қойылды”: Ақтөбедегі ІІМ Заң институты эвакуацияланды

2222
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде институт ғимаратына қойылған жарылғыш зат туралы хабарлама жалған болып шықты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін М.Бөкенбаев атындағы ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының электронды мекенжайына институт ғимаратына жарылғыш заттар салынғаны және РФ банктерінің бірінің картасына 1,3 млн. рубль аудару талабы туралы хабарлама келіп түсті.

Барлық шұғыл қызметтер дереу оқиға орнына шықты, оқушыларды, оқытушылар мен ерікті жалданушы құрамды эвакуациялау ұйымдастырылды. Барлығы 474 адам эвакуацияланды. Арнайы бөлімше саперлері жарылыс құрылғыларын анықтау үшін барлық ғимаратқа тексеру жүргізді. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Полиция департаменті күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер