Суреттен ең бірінші нені байқадыңыз?

4862
Adyrna.kz Telegram

Психологиялық тест – адамның ішкі жан дүниесінде орын алып жатқан жай күйді, сыртқы болмысындағы кемшіліктер, мінездегі өзгерістерді болжам жасап, айтып береді. Психологиялық жасыңыз бен қазіргі жас шамаңызды салыстырып, қаншалықты ашуланшақ, сабырсыз, тынымсыз немесе байсалды, сабырлы адам екеніңізді анықтайды. 

Ең алдымен суреттен көзіңізге не көрінді?

Адам сұлбасы. Сіз өте сезімтал, айналыңыздағы адамдардың барлығына жақсы көзқараспен, арам ойсыз қарайтын жансыз. Романтиксіз. Сүйгеніңізді қуантуға асығасыз. Бұл өте жақсы қасиет. Өз ортаңызда сыйлы, достарыңыз көп. Бірақ өте көп достан да аулақ болғаныңыз жөн. Бірі жақсылық ойласа, бірі жамандығын жасыруда. Абай болыңыз.

Сізді мазалайтын дүние – сыртқы болмысыңыз. Салмағыңыздың аздыңы яки көптігі сіздің ашуыңызды тудырып, өз келбетіңізден ұялатындай сезімге бөлейді. Сіз ашуланғаныңызбен салмағыңыз азбайды. Әрекет ету керек. Қарапайым жолы: дұрыс тамақтану мен күнделікті жаттығу. Дәл осы екі дүниені үрдіске айналдыра біліңіз.

Жүлде (кубок) – айтқанынан қайтпайтын, бірбеткей, қырсық әрі батыл жансыз. Әрдайым алға жылжуды, дамуды, білімді болуды мақсат еткен тынымсыз адамсыз. Сіз үшін қазіргі істеп жүрген дүниеңіз аздық етеді. Күнде бір жаңа идеяны дамытып, соны шынайы өмірде жүзеге асыруға тырысасыз. Әр басқан қадамыңызға ор қазатын адамдар жетерлік. Сақ болыңыз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер