БАУЫРЖАН СЕРІКБАЕВ: Соңғы нұсқада "Ң" әрпін оңдырмаппыз

2450
Adyrna.kz Telegram

Қазірдің өзінде құйрығын тастап кете береміз. Мына нұсқасында одан да төмен салбыратып, көзге де, жазуға да ыңғайсыз қылып қойыппыз. Негізі төбесінен бір сызықша қоя салу қажет еді.

"Ә" мен "Ө" әрпін де нүктелетпей төбесінен сызықша қойса жазғанда оңай болады. Түрік тілінде жазу жазғанда сөйлемнің үтір, нүктесін бір санап, әріптердің үтір, нүктелерін екі санап шаршап кетуші едім. Біз осыдан арылсақ екен.

"Ә" әрпін Әзербайжандар сол күйі қалдырды. Мүмкін бізге де осы нұсқа келетін шығар. Қарау керек. Қалған әріптер логикаға келеді.

Жалпы латынға көшу әлі біраз уақытты алады деп ойлаймын. Бұл да соңғы нұсқасы болмаса керек. Уақыт пен практика ең дұрысын өзі шығарып береді бізге. Әзірге барын қолданып, процесті бастай берген де жөн.

 

Пікірлер