Халық санағы қашан өтеді?

2725
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Үкімет отырысында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов биылғы халық санағының қалай өтетінін айтты деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы  Baq.kz.  агенттігіне сілтеме жасап.

Келімбетовтың айтуынша, биылғы халық санағындағы жаңалық - заманауи цифрлық технологиялардың енгізілуі.

«2021 жылғы ұлттық халық санағының жаңалығы қазіргі заманғы цифрлық технологияларды енгізу және процесті автоматтандырудың енгізілуі. Енді популяция туралы мәліметтерді жинау процесі екі жолмен жүзеге асырылады. Бірінші әдіс - sanaq.gov.kz арнайы сайтында интернет-сауалнама жүргізу, ол виртуалды көмекшінің көмегімен респонденттерге орналасқан жеріне қарамастан өздігінен санақ жүргізуге және өзіне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік береді.

Екіншісі - қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, дәстүрлі жаппай аралау онлайн-режимде санақтан өтпеген респонденттер арасында жүргізілетін болады. Бұл шараларды қазан айында өткізу жоспарланған», — деді СЖРА төрағасы.

Жаппай аралау кезінде интервьюерлердің электрондық планшеттерді пайдалануы жаңашылдық, олар кейін тиісті өңірлердегі мектептерге беріледі. Үй-үйді аралау а.ж. 1-30 қазан аралығында өтеді.

Пікірлер