«1000 теңге үшін»: Ресей қазақстандық азаматты 8 жылға соттады

2437
Adyrna.kz Telegram

Оңтүстік-Сахалинск қалалық соты есірткі тасымалдаумен айналысқан қазақстандықты 8 жылға соттады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, белгісіз адам сотталушыға Telegram мессенджері арқылы жазып, есірткі заттарын құпия жерлерге салу арқылы ақша табуды ұсынған. Мигрант бірден келіскен.

Қылмыскер тыйым салынған заттарды алдын ала өлшеп, әрқайсысын 2 грамнан асырмай 35 дана полимер қапшығына салып қойған. Шетелдікке әрбір жасырын жер үшін 200 рубль (1118 теңге-ред.) уәде етілген.

«Мигрант өз пайдасын есептей отырып, 2019 жылдың 10 шілдесінде аралда орналасқан қалаға барған. Ол пәтер жалдап, есірткі заттарын алған. Жұмысын аяқтағаннан кейін тапсырыс берушіге орналасқан жері туралы ақпаратты жіберген. Есірткі түйіншегін жасырмақ болған сотталушыны полиция қызметкерлері қолға түсірді»,-делінген хабарламада.

Сот мигрантты кінәлі деп тауып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ер адам жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер