Қазақстандық режиссер халықаралық байқауда топ жарды

2591
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық режиссер Жаннат Алшанова When East Meets West бірлесіп кино өндіру форумының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Байқауда отандасымыз «Победителей видно на старте» жобасын таныстырды. Жаннат Алшанова толық метражды фильмінің сценарийі үшін Сербия кино орталығының атынан 5 мың еуро көлемінде сыйақы алды. Қаңтардың аяғында өткен фестивалға 56 елден 387 өтініш түскен.

«Бұл туынды жүзу мектебіне түскен жас келіншектің өміріндегі өзгерістер туралы баяндайды. Мен осы сценарий бойынша фильмді Қазақстан аумағында түсіремін. Халықаралық байқауда жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Енді бұл сценарий бойынша фильм түсіру үшін қомақты қаражат керек»,-деді жеңімпаз журналистерге берген сұхбатында.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Пікірлер