70 жастағы ақсақалды ұрып-соғып, заттарын тонаған

956

Келестік полицейлер 70 жастағы ақсақалды тонаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Келес АПБ-не жергілікті тұрғын егде жастағы азамат арызданып келеді. Оның айтуынша, түнгі сағат 9 шамасында 45-50 жас шамасындағы белгісіз адам “Үдербай” атты дәмхананың алдында денсаулығына қауіпті емес күш қолданған. Содан қалтасындағы “Самсунг А50” ұялы телефоны мен 80 мың теңге ақшасын ашық түрде тартып алып, арызданушыға жалпы 200 мың теңге шығын келтірген.

Тергеу барысында анықталғандай, 49 жастағы күдікті азамат Қазығұрт ауданының тұрғыны екендігі белгілі болды. Сондай-ақ, оның бұрын ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша және ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) мен сотты болғаны анықталды.

Қолды болған ұялы телефонды күдікті өз қажеттігі үшін базарлардың біріне 35 мың теңгеге сатып жіберген. Бүгінгі таңда ұялы телефон мен ақша жәбірленушіге қайтарылды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатта.

Өз кезегінде жәбірленуші күдіктіні ұстаған полицейлерге алғысын білдірді.

– Мені ұрып-соғып, бағалы заттарымды тонап кеткен күдіктіні ұстаған полиция қызметкерлеріне үлкен алғысымды айтамын! Жұмыстарыңызға әрқашанда сәттілік тілеймін! Қызметтерің абыройменен аса берсін. Рахмет сіздерге!– деді 70-тегі ақсақал.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket